Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар курсы 379 теңге деңгейінде сақталды

Доллар курсы 379 теңге деңгейінде сақталды

Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,79 теңгені құрады. 18 қаңтардағы таңғы сессиямен салыстырғанда (378,18 теңге / $1) ұлттық валюта 0,61 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,20 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 16 млн 250 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 57.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 379,5 теңге, Алматыда – 380,3 теңге.

Ұлттық Банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,66 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы