Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар күрт арзандап кетті

Доллар күрт арзандап кетті

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 360,86 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (365,93 теңге / $1)  ұлттық валюта 5,07 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 360,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 363,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 361,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 224 млн 100 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 325.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 365 теңге, Алматыда – 365 теңге.

Похожие материалы