
Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 12 маусымдағы доллардың орташа бағамы 334,54 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,80 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,52 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 36 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 143.
Ақша айырбастау орындарында 12 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 336 теңгені құраған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025