Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең бай миллиардер тұратын 7 қала

Ең бай миллиардер тұратын 7 қала

Қазір әлемде миллиардерлер саны артып келеді. Forbes рейтингі бойынша, 2017 жылы ең бай адамдардың тізіміне 2043 миллиардер енді. Бұл 2016 жылдан қарағанда 13 пайызға көп. Әлемдегі бай адамдардың жалпы қаражат сомасы 18 пайызға өсіп, 4,67 трлн долларды құрады.

Тізімдегі миллиардерлер 71 мемлекеттің жүзден аса қалаларында шоғырланған. Ең көп миллиардер Нью-Йорк қаласында тұрады. Ал алғашқы 20 қаланың ішінде Қытайдың алты мегаполисі кіреді.

Нью-Йорк (АҚШ)

[caption id="attachment_65452" align="alignnone" width="819"] Фото: forbes.ru[/caption]

Миллиардерлер саны: 82

Мүлкінің жалпы көлемі: 397,9 млрд доллар

Ең бай адамы: Дэвид Кох (48,3 млрд доллар)

Нью-Йорк миллиардерлер саны бойынша көш бастап тұр. Қазіргі уақыттағы қаланың ең  бай миллиардері – Дэвид Кох. Одан кейін, Нью-Йорктың экс-мэры Майкл Блумберг тұр. Ал 2016 жылы керісінше, Блумберг Кохты басып озды.

Гонконг (Қытай)

[caption id="attachment_65454" align="alignnone" width="695"] Фото: orukovodstve.ru[/caption]

Миллиардерлер саны: 75

Мүлкінің жалпы көлемі: 297,8 млрд доллар

Ең бай адамы: Ли Кашин (31,2 млрд доллар)

Қала тұрғыны – 7 миллионға жуық. Көптеген кәсіпкерлер қаражаттарын жылжымайтын мүлік түрінде сақтайды. Девелопментпен 25 гонконгтық миллиардер айналысады. Олардың ішіндегі ең танымалы Джозеф Лау (15 млрд доллар). 2016 жылдың қарашасында Джозеф Лау әйелі Кимби Чанды өзінің China Estates Holdings фирмасының атқарушы директоры етіп тағайындады. Ал 2017 жылдың наурызында денсаулығына байланысты компаниясының 75 пайызын әйелі мен балаларына тапсырды.

Мәскеу (Ресей)

[caption id="attachment_65455" align="alignnone" width="1000"] Фото: tourprom.ru[/caption]

Миллиардерлер саны: 73

Мүлкінің жалпы көлемі: 297 млрд доллар

Ең бай адамы: Леонид Михельсон (18,4 млрд доллар)

Ең бай адамдар тізіміндегі Ресейдің 10 миллиардері де Мәскеуде тұрады. Оның ішінде ең беделдісі Владимир Лисин. Оның мүлкі 2016 жылдың есебі бойынша, 6,8 млрд долларға өскен. Өсімнің ең басты себебі болаттың қымбаттауы. Владимир Лисин Новолипец металлургия комбинатының басшысы. Ол әлемдегі ең ірі болат құятын корпорациялардың бірі. Компания акциялары 69 пайызға өсті.

Пекин (Қытай)

[caption id="attachment_65456" align="alignnone" width="1000"] Фото: aviabilet.ru[/caption]

Миллиардерлер саны: 54

Мүлкінің жалпы көлемі: 161,3 млрд доллар

Ең бай адамы: Ван Цзяньлинь (31,3 млрд доллар)

Пекиндегі ең бай адам - Ван Цзяньлинь. Ол өз бизнесін әлі де кеңейтіп жатыр. Ван Цзяньлиньнің компаниясы - Dalian Wanda Group тематикалық парктердің ойын-сауық кешені. Ол 2016 жылы Наньчанда  (Қытайдың оңтүстік-шығысы) ашылды. Wanda City  кешенінің құны 3 млрд доллар. Wanda City өткен жылы Шанхайда ашылған Disneyland паркінің басты бәсекелесі.

Лондон (Ұлыбритания)

[caption id="attachment_65459" align="alignnone" width="640"] Фото: .visitlondon.com[/caption]

Миллиардерлер саны: 50

Мүлкінің жалпы көлемі: 217,3 млрд доллар

Ең бай адамы: Лен Блаватник (20 млрд доллар)

Лондонда басқа елден келгендер көп. Оның ішінде Одессаның тумасы Лен Блаватник қазіргі уақытта Лондонның ең бай резиденті деп танылды. Ал жергілікті миллиардерлерден ең байы 2016 жылғы есеп бойынша, Филип пен Кристин Грин болды (4,8 млрд доллар). Алайда өткен жылы ерлі-зайыптыларға тиесілі British Home Stores (BHS) сауда желісі банкротқа ұшырап, 19 мың қызметкерге зейнетақы төленбей қалуы мүмкін еді. Сондықтан 2016 жылы қазанда парламент Филипп Гринді рыцарь мәртебесінен айыру туралы дауыс берді. Ақпанның соңында миллиардер зейнетақы төлеу үшін 450 млн доллар төлеуге келісім берді.

Мумбаи (Индия)

[caption id="attachment_65462" align="alignnone" width="1000"] Фото: raskalov-vit.livejournal.com[/caption]

Миллиардерлер саны: 41

Мүлкінің жалпы көлемі: 149,1 млрд доллар

Ең бай адамы: Мукеш Амбани (23,2 млрд доллар)

Мукеш Амбани 2003 жылдан бастап Мумбаидағы ең бай тұрғын болып келеді. Оның 4G ғаламторын ұсынатын компаниясы күніне 100 млн абонентке қызмет көрсетеді. Миллиардерге тиесілі Reliance Industries холдингі мұнай-газ және мата өнеркәсібі жобаларын да басқарады.

Шанхай (Қытай)

[caption id="attachment_65463" align="alignnone" width="1000"] Фото: liveinternet.ru[/caption]

Миллиардерлер саны: 40

Мүлкінің жалпы көлемі: 1,9 млрд доллар

Ең бай адамы: Лю Юнсинь (6,6 млрд доллар)

Шанхай 2017 жылы да рейтингте жетінші орында тұр. Бірақ миллиардерлер саны 2016 жылдан қарағанда 14 адамға көбейген. Олардың ішінде басты назарға ие болған Юй Хуэйцзяо (3,6 млрд доллар). Юй Хуэйцзяо 216 жылдың қарашасында өзінің курьерлік компаниясын YTO Express Шанхай қор биржасына шығару туралы шешім қабылады

Похожие материалы