Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең тура уақытты көрсететін атом сағаты жасалды

Ең тура уақытты көрсететін атом сағаты жасалды

АҚШ пен Сингапур физиктері қазіргі кездегі ең дәл уақыт көрсететін атом сағатын жасап шығарды. Өз зерттеулерінің нәтижелерін ғалымдар Nature Communications журналында жариялады, сондай-ақ зерттеумен Livescience сайтында танысуға болады деп хабарлайды lenta.ru.

Жаңа саңат 15 млрд жылда бір секундқа қателесуі мүмкін. Салыстыру үшін айта кетейік, Жердің жасы 13,8 млрд жыл. Бұл құрылғы бөлме температурасында жұмыс істей береді және алдыңғы нұсқаларына қарағанда криогенді салқындатуды қажет етпейді.

Алдындағы ең үздік сағатпен салыстырғанда жаңа сағаттың дәлдігі үш есе артқан. Олардың жұмысы стронций атомдарының түрлі энергетикалық деңгейлер арасында квантылы алмасуына негізделген.

Жаңа сағатта ғалымдар өлшемдердің қатесіне соқтыруы мүмкін факторлардың санын азайтқан. Біріншіден, физиктер құрылғыны арнайы радиациялық қабатпен қоршап, оны сыртқы электромагниттік сәулеленуден қорғап қалған. Екіншіден, олар платиналы термометрлердің көмегімен сағаттың көрсетулеріне жылу флуктуацияларының ықпалына қосымша есеп жүргізді.

Жаңа құрылғының көмегімен уақыттың баялауын - жалпы салыстырмалылық теориясымен (ЖСТ) болжанған эффектті тексеру мүмкін болады, бұл эффект сағат Жер бетіне қатысты екі сантиметр жоғары қалпында байқала бастайды екен (ауқымды денеден алшақтаған сайын уақыт тезірек жылжиды).

Ғалымдардың айтуынша, жаңа сағатты Жердің гравитациялық картасын нақтылау үшін пайдалануға болады.

Похожие материалы