Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Air Astana" қаншаға сатылады?

"Air Astana" қаншаға сатылады?
"Air Astana" әуе компаниясы мемлекттік органдарға нақты бір қолға өтпеу туралы арыз түсіргенмен жекешеленетін нысандар тізіміне кірді. Ал компания жекешелендіру кезінде қаншаға сатылатыны туралы "Финам менеджмент" компаниясының сарапшысы Дмитрий Баранов болжап көрді, деп жазады LS

Сарапшының сөзінше, әуе компанияның қаншаға бағаланатынын нақты айту қиын. Оның үстіне бағалау әлі де жүргізіледі.

"Компания бағасы сату мерзіміне байланысты болады. Себебі компания биыл болмаса келесі жылы сатылуы мүмкін. Барлық компаниялардың сатылу бағасы 20-30 млрд теңге деңгейінде болады. Бірақ қайталап айтамын, бұл тек болжалды баға. Сондай-ақ, компания сатылым кезінде нақты бағаланады", - дейді Д.Баранов.

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсан айында  Эйр Астана үлесі Катар еліне сатылатыны туралы қауесет тараған болатын. Осы уақытта компания Қазақстан үкіметіне өзіне тиесілі кво дәрежесін сақтап қалу туралы өтініш айтқан еді.

Сондай-ақ, Димитрий Барановтың ойынша, жекешелендіру әуе компанияның жұмыс нәтижесін жақсартады.

"Әлем тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, мұндай альянстар ұлттық әуе компаниялардың үздік болуына, бәсекеге қабілеттігін арттыруға, әлемдегі танымал әуе тасымалының қатарына енуіне көмектеседі. Бұл жағдай әуе компания жекешелендірілгеннен кейін болуы мүмкін", - деді ол.

Айта кетейік, желтоқсан айында азаматтық авиация комитеті компанияның жекешелендірілмейтіні туралы хабарланған болатын. Алайда 2016 жылдың 6 қаңтарында Ұлттық экономика министрлігі Air Astana-ның жекешеленетін нысандар тізімінде бар екенін жария етті. Компания үлесі IPO арқылы сатылады.

Фото: airlines-inform.ru

Похожие материалы