Екі жылдан кейін нарыққа ең арзан Tesla көлігі шығады деп хабарлайды "Газета.Ru" Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Масктың Твиттердегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Компания басшысының жазуынша, бұл Невададағы Gigafactory зауытының толық күшпен жұмыс істей бастауына байланысты. Жаңа көліктің құны 35 мың доллар болуы мүмкін, ол қазіргі Model S-тен екі есе арзан. Сондай-ақ, Илон Маск Tesla X кроссовері Фримонтадағы зауыттан 29 қыркүйекте сатылымға шығады деп хабарлады. Компания басшысының жазуынша, жаңа Tesla Motors инновациялық көлігі қазіргі Model S-тен 5 пайыз қымбат болады. Бұған марканың көлемі мен құрылысының күрделілігі себеп.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024