Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экобекеттер бюджетке 16 млн теңге табыс әкелді

Экобекеттер бюджетке 16 млн теңге табыс әкелді

2014 жылдың қорытындысы бойынша улылық нормаларын бұзғаны үшін 45 мың көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Алматыдан кіретін жолдардағы экобекеттер осы жылдың басынан бері көліктерінің газдарында ластаушы заттектердің құрамы нормадан асатын 5 мың жүргізушіні анықтаған. Республика қазынасы 16 млн теңгеге толықты.

"2014 жылдың ішінде улылық және түтінділік нормаларын бұзғаны үшін 203 миллион теңгеден астам соммаға 45 мың автокөлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал ағымағы жылдың басынан бері, 16 миллион теңгеден астам соммаға 5 мың авто жүргізушісі жауапкершілікке тартылды", - деп мәлімдеді Алматы қ. Табиғи ресурстар басқармасының көріктендіру бөлімінің жетекшісі Дәурен Нұрдәулетов.

Шығарылатын газ нормасынан асып түскендігі үшін бірінші ретте жүргізуші 2 ЕАК, немесе 3462 теңге төлейді. Екінші ретте айыппұл 5 ЕАК болады. Ал ереже үшінші рет бұзылған жағдайда көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Похожие материалы