Танымал қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook парақшасында жемқорлықпен және оның жағымсыз салдарымен күресудің тәсілдерін ұсынды.
Сарапшының айтуынша, бүгінде халықтың шенеуніктерге көңілі толмайтыны сонша, ол туралы бірден негативті пікір қалыптасады. Сізді танитын, білетіндер ғана жақсы қарауы мүмкін. Ал, негізінен көпшіліктің көзіне нашар кейіпте көрінесіз. Шенеуніктерге қарсы пікір айтқандарды да халық жақсы көріп кетеді. Пікір айтушыдан күмәндануы да сирек. Олжас Құдайбергенов жемқорлықпен күрестің үш әдісін ұсынады: - ресми органдар арқылы күресуге болады. Олар жемқорлықпен күресуге міндетті. Бірақ, көп жағдайда ресми әрекеттер "биліктегі топтар арасындағы күрес салдары" секілді қабылданып жатады; - бір өзіңіз күресуге болады. Барлық ресми және бейресми жолдарды пайдалану арқылы. Бірақ, бұл жемқорлықтан келетін зиян нақты сізге қарсы бағытталған болса ғана. Бұл ретте шынайы жағдайлар да (қолдауды және аяныш сезімдерін туындататын), авторларды жала жапқаны үшін өздерін түрмеге қамату керек жәй анонимді жағдайлар да болады; - қоғамдық ұйымдардың атынан шығу. «Үшінші әдісті кеңірек айтайық. Барлық жемқорларға бірден қарсы шабуыл жасай аласыз, бірақ ол кезде сіз бірден дұшпандарыңызды еселеп, жеңіліп қаласыз. Егер барлығына қарсы шықпай, көпшілік алдына бір ұйыммен қосылып отырып мәлімдеме жасасаңыз, сіз оның қолындағы құралға айналасыз. Бұл жерде сіз мынаны түсінуіңіз керек: егер жұмыс сапалы болсын десеңіз, ұжымның болуы, олардың ай сайынғы шығындарын көтеру міндетті. Егер ешқандай ұжым болмаса, сапа да болмайды. Жемқорлық - жақсы емес. Бірақ одан да жаманы - жемқорлыққа қарсы бояма күрес. Қоғамның атынан күресу - игілікті іс. Бірақ, түбіне бойлап қарасақ, ол жердің былығы көп. Жәй ғана адамдарды пайдаланып ақша табатындар да бар. Жүргізілетін күрестің шынайы не жалған екендігін қалай ажырата аламыз? Оп-оңай! Жұрт алдында жемқорлықпен күрес жүргіземін деген адам мынадай қадамдар жасауы керек: - соңғы жылдағы кірістер мен шығыстар туралы декларацияны ерікті түрде жария ету; - ұйымдар бойынша ай сайын қаржылық және қаржылық емес мәліметтерді көрсетіп отыру. Егер қарапайым жұрт қаржыландыратын болса, демек жұрт қолдайды. Ал, егер ақшаны тек бір құрылым ғана бөлетін болса, және "күрескер" жалақысына оның 90 пайызы кететін болса, барлығы түсінікті; - жемқорлықпен күресушінің өмір сүру деңгейіне сай болу. Яғни, жемқорлықпен күреске қажет емес шығындарды болдырмау (мәселен, бизнес-класспен ұшпау т.б). Себебі, қоғам қаржыны ол үшін бөліп отырған жоқ қой; - жемқорлықпен әділ адамдар ғана күресуі тиіс. Кімге бағытталмасын жалған жаладан бас тарту керек. Олай болмаған күнде жобаға қатысы бар адамдардың барлығына көлеңке түсіп, беделінен айрылады. Күрескердің экономикалық, не заңгерлік білімі болса, құба-құп. Тым құрығында бақылаушы құрылымдарды жұмыс істеген тәжірибесі болсын», - деп жазды экономист.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024