«ЭКСПО-2017» Ұлттық көрмесі #HelloEXPO2017 атты фотосуреттер байқауын өткізеді деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«Жаздың қызған шағында жұмыстан қолы босап, шетелге демалысқа барайын деп отырған әлеуметтік желілердің қолданушыларына ЭКСПО-2017 фирмалық футболкаларын киіп суретке түсіп, оны желілерде жариялау ұсынылып отыр. Байқау шарттарына шығармашылықпен қарап, ең қызықты фотосуретті түсірген қатысушы Миланға екі билет ұтып алады», - делінген хабарламада. Байқау 2015 жылдың 13 шілдесінен бастап 31 тамызы аралығында Қазақстанда тұратын бүкіл халық арасында өткізіледі. ЭКСПО футболкалары бірегей дизайнымен ерекшеленеді, оларда шетелдіктерді біздің елімізбен таныстыратын «Қазақстан - қызғалдақтар отаны», «Қазақстан - алма отаны» деген қысқаша жазулар бейнеленген. Футболкаларды шетелге шығуға арналған әуе билетін немесе отырғызу талонын көрсету арқылы Астана мен Алматы әуежайларында орнатылған промо-үстелдерден алуға болады, сондай-ақ олар келесі мекенжайларда таратылады: Алматы қ., Мақатаев к., 117а, 524-кеңсе; Астана қ., Тәуелсіздік д. 34, «ASTANA MALL» сауда ойын-сауық орталығы, 3-қабат. Футболкаларды 2015 жылдың 13 шілдесінен бастап 10 тамызына дейінгі аралықта алуға болады. Байқау шарттары келесідей: футболканы алып, суретке түсу, оны желіде жариялау. Фотосуреттерді Инстаграм және Вконтакте желілерінде жариялау қажет. Байқаудың міндетті шартына сәйкес фотосуреттің астына #HelloEXPO2017 хэштэгін қою керек. Байқау нәтижелерін 2015 жылдың 8 қыркүйегінде тәуелсіз қазылар алқасы қорытындылайтын болады.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024