Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «Project Crew» байқауына іріктеу өтуде. Байқаудың басты мақсаты – көрме аясындағы «Корей павильонын» таныстыратын «Корея-Қазақстан біріккен көрсетілім» тобына өнерпаздарды жинау. Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады.
Байқауға 20-30 жас аралығындағы домбырашы ер адамдар мен K-POP үлгісіндегі билер, чечётка билей алатын биші қыздар шақырылады.Өтініштер 14 сәуірге дейін қабылданады. Ол үшін өнерпаздар құжаттарын 14-ші сәуірге дейін expo2017.korea@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек. Өтінішті жүктеп алу. Іріктеуден өткен орындаушылар 1-ші маусымнан 10-шы қыркүйекке дейін «Астана ЭКСПО-2017» аясындағы корей павильонында өнер көрсетеді. Дайындық жұмыстары мамыр айынан басталады. «Корея-Қазақстан біріккен көрсетілім» тобына іріктелген өнерпаздарға 3 ай бойы сыйақы, жататын орны мен тамағының шығындары төленеді. Әр өнер көрсетушіге суреттер жинағы жасалады. Толық ақпаратпен www.expo2017-korea.or.kr сайтынан таныса аласыздар.Похожие материалы
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





