Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО-2017 көрмесінен 300 млн еуро пайда түседі

ЭКСПО-2017 көрмесінен 300 млн еуро пайда түседі

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу барысында түсетін кіріс көлемі 300 млн еуроны құрайды. Бұл туралы Парламент сенатының отырысында депутат Ольга Перепечина хабарлады.

18 ақпан күні сенаттың 44 депутаты «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің ресми қатысушыларына арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Заңды талқылау барысында сенатор Ольга Перепечина қазақстандық ірі жобадан түсетін пайда жөнінде мәлімдеді.

"Тіркелген құжаттамаға сәйкес, қызмет көрсету, тамақтандыру ісін ұйымдастыру және билеттерді сату барысында демеушіліктерден 300 млн еуро пайда түседі деп жоспарлануда", - деді депутат.

Айта кетейік, аталған заң жобасына сәйкес, жеңілдіктер ҚР Парламентінің ратификациясынан соң, яғни, 2016 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енгеннен кейін 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады.

Похожие материалы