Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО аумағындағы пәтерлер көрме біткеннен кейін кімге беріледі?

ЭКСПО аумағындағы пәтерлер көрме біткеннен кейін кімге беріледі?

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - ЭКСПО кешенінің аумағында мемлекет тапсырысымен салынған тұрғын үйлер 2018 жылдан бастап қана сатылымға шығарылады. Бұл туралы "Байтерек Development" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. 

42 тұрғын үй кешеніндегі 1374 пәтер және 1412 көлік тұрағы "Байтерек Development" АҚ-ға тиесілі. Пәтерлердің барлығы мемлекет бюджеті есебінен "Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы арқылы қаржыландырылған. Қаржы қайтарымды негізде Ұлттық қордан алынған. Салушылар - "Базис-А" және "BI Group".

Көрме қатысушыларын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дәл осындай мөлшердегі пәтерлер және көлік тұрағы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясына жалға берілген. Жалға алу уақыты - 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Жал мерзімі біткеннен кейін ғана ол пәтерлердің ары қарай қалай пайдаланатындығы анық болады. Әзірге ол тұрғын үйлерді қай уақытта сатылымға шығарылатындығы немесе пайдалануға берілетін басқа да жолдары белгісіз.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының хабарлауынша, көрме уақытындағы атқарушы компания ретінде "Отель "Дипломат" және Бизнес-орталық" ЖШС шақырылған. Фирма жиһаз орналастыру, техникалық жарықтандыру, кешендерді күту және басқаруға қатысты басқа да шығындарды өз жауапкершілігіне алады.

Аbctv жазуынша, атқарушы компания көрме қатысушылары үшін жалға Gold және Silver класындағы пәтерлердің берілетінін айтты. Апартаменттердің бағасы бөлме саны мен қажетті жиһаздармен жабдықталғанына байланысты. Бірақ коммерциялық мәліметтері нақты белгісіз. Осыған дейін атқарушы компания тек белгілі бір көлемде ғана жалға берушілерге жеңілдік беріледі деген еді.

Қазір өз экспозицияларын дайындауға келген көрме қатысушылар пәтерлерге орналасып жатыр.

Похожие материалы