10 маусымнан бастап "ЭКСПО-2017" көрмесінің билеттері сатылымға шыққаны туралы ақпарат тарады. Екі миллионнан астам қатысушы келеді деп күтілген халықаралық көрменің билеттерін онлайн сатуды іске асыратын kassir.ru ресейлік операторы екені белгілі болғаннан бері желіде біраз дау шықты. «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, Қазақстанның билет сату операторлары конкурстың негізгі талаптарына жауап бермейді. Алайда отандық компаниялар мұнымен келіспейді. Қос тарап не дейді?
Тендердің ашықтығы туралы
«ЭКСПО-2017» компаниясы
Ұлттық компанияның коммерцияландыру департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы Рада Исламованың айтуынша, халықаралық тендер ашық және жария түрде өткен. Оның үстіне, қатысушылардың байқау туралы ақпараттан хабардар болуына тендер ұйымдастырушы тарап жауапты емес. Әрі барлық ақпарат «ЭКСПО-2017» сайтының «Бизнес әріптестік» айдарындағы «Байқаулар» бөлімінде жарияланды. Оған сәйкес, өтініштер 30 наурыз бен 22 сәуір аралығында қабылданды. Келіп түскен екі өтініштен ресейлік kassir.ru компаниясы лайықты деп танылды.Наразы тарап
Билеттерді онлайн сатумен айналысатын қазақстандық «Тикетон» компаниясының жетекшісі Виктория Торгунакованың айтуынша, байқау жайлы ақпарат сұрамақ болып, ұлттық компанияға хабарласқанында, көрме комиссиясымен байланыс орталығының қызметкері толық ақпаратты сайттан біле алатынын айтқан. Алайда Виктория Торгунакова бұл туралы ақпарат кейіннен шыққанын айтады. Ол тендерлік байқау туралы жеңімпаз анықталып қойғаннан кейін ғана білгенін айтады. «Тендерге өтініштер қабылдайтыны туралы ешқандай хабарламаны көрген жоқпыз», - дейді ол.Тендерге қатысуға қойылатын талаптар туралы
«ЭКСПО-2017» компаниясы
Билет операторларына жоғары деңгейлі талаптар қойылды. Әлбетте, ең алдымен шетелдерде халықаралық шаралардың билетін кешенді түрде өткізудегі тәжірибесі ескерілді. Оның ішінде бір немесе іс-шаралар сериясы (чемпионат, көрме және т.б.) аясында 500 000-нан кем емес көлемде билет сатылымын растауы тиіс. kassir.ru бір іс-шараның билетін сатудағы көлемі 750 000-нан асып түскен. Сондақ-ақ, талаптардың бірі ретінде халықаралық масштабтағы көпшілік қатысатын іс-шаралардың билетін өткізуді сәтті жүзеге асырған кемінде 2 келісімшарты болуы қажет еді. Бұл ретте, kassir.ru билет операторы ретінде Казань қаласындағы 2013 жылы өткен Бүкіләлемдік жазғы Универсиада, Лондон қаласында өткен 2012 жылғы Олимпиада ойындары, 2015 жылғы Су спорты түрлерінен Чемпионат, 2013 жылы Санкт-Петербургтағы ІІ Бүкіләлемдік күрес ойындары жобаларының билеттік операторы болған. Бір мемлекеттің оннан астам қаласында офлайн сатылым жүйесі, яғни кассаларының болуы. kassir.ru кассалары Ресей Федерациясының 11 қаласында (Мәскеу, Санкт-Петербург, Казань, Сочи, Екатеринбург және т.б.); Украинаның 27 қаласында (Киев, Одесса, Харьков, Запорожье және т.б.), Белоруссияның 7 қаласында (Минск, Брест, Гродно және т.б.); Латвияның 30 қаласында (Рига, Юрмала, Елгава, Кандава, Лудза, Орге және т.б.); Эстонияның 27 қаласында (Эльва, Нарва, Кейла, Таллин және т.б.), сондай-ақ Финляндияның Хельсинки қаласында орналасқан. Сондай-ақ, билеттік операторлардың халықаралық іс-шаралардың билетін сатуды жүзеге асырған мамандары бар мықты командасының; ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттік бағдарламасын ілгерілетуге маңызды кезеңдер қамтылған медиа-жоспарының; әсіресе Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа және т.б. мемлекеттерді қамтығанда пайдаланушылары 2 миллионнан кем түспейтін белсенді клиенттердің СRM жүйесі бойынша дерекқоры болуы шарт.Наразы белсенділер
«Халықаралық жобаларда тәжірибе жоқ» деген тек сылтау ғана», - дейді Виктория Торгунакова. Себебі, өзі басқаратын және оған бәсекелес бірнеше қазақстандық компанияларда халықаралық шараларға билет сату тәжірибесі бар. Мысалы, даулы сауалды алғаш көтерген Манарбек Әбеновтің айтуынша, «УЕФА матчтарына («Астана» ФК-ның «Галатасарай», «Атлетико», «Бенфика» командаларымен кездесуіне) 80 пайыздан астам билетті қазақстандық сайттар онлайн сатқан. Одан бөлек, әлем чемпионаттары (бокс, ауыр атлетика, спидвей), Континенттік хоккей лигасы («Барыстың» матчтары), баскетболдан ВТБ-ның бірыңғай лигасы, футболдан Еуропа лигасы секілді соңғв 3 жылда өткен бірнеше шараға билетті өзіміздің операторлар сатқан. Сонымен қатар, Тикетон қызметкерінің айтуынша, компания сатумен айналысқан Денис Тен мұзды шоуының билеттерін де әр түрлі елдің азаматтары оңай сатып алған. Назар аударатын тағы бір жайт, тендерлік байқауға қатысу туралы 26 беттік қағидалар кітапшасының 3-бөлім 3.7-тарауында «Байқауға қатысу үшін үміткер компания алдымен біреуі 6000 теңге тұратын 250 мың билет сатып алу керек» деп жазылған. Бұл дегеніңіз, мердігер компания билетті сатып алады да, оны «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы бекіткен талаптарға сәйкес, оқушылар мен зейнеткерлерге, көп балалы отбасылар мен ата-анасынан айрылған балаларға әр түрлі пайыздық мөлшерлемедегі жеңілдіктермен беруі тиіс, осылайша 6000 теңгеге сатып алынған билетті 3 мыңға сатып, компания шығынға ұшырайды. Виктория Торгунакова «кейбір талаптарды орындауға отандық компанияларымыз қауқарсыз, себебі билеттердің барлығы өтетініне ешкім кепілдік бермейді, жеңілдікпен сату керек деген талап және бар» дейді. Ол осылайша «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы отандық компанияларға байқау талаптарын Қазақстан нарығына сәйкес келмейтіндей етіп жасап, әділетсіздік танытып отырғанын айтады.«ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттерін сатуды байқау бойынша ресейлік kassir.ru сайты жеңіп алған болатын. Компания заңды тұлға ретінде Қазақстанда тіркелгенімен, кассасы - Ресейде. Тендері де, талаптары да көптің күмәнін тудырған байқауды жеңген бұл сайт өткен жылы болған "Муз-ТВ - 2015. Гравитация" премиясына билет сатумен айналысқан. Ол шара «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының демеушілігімен өткен.
Отандық тауар өндірушілерге тапсырыс беру туралы
«ЭКСПО-2017» компаниясы
Ұлттық компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Сергей Куянов, көрмеге дайындық барысында компания мүмкіндігінше отандық тауар өндірушілерге тапсырыс беретінін айтады. Соңғы тоғыз ай ішінде ЭКСПО компаниясы әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынатын 254 отандық компаниямен келісім жасасқан. Келісімшарттардың жалпы сомасы 35 млрд теңгені құрапты.Наразы тарап
Бұған дейін, 2014 жылдың мамырында Миланда қазақстандық «Астана ЭКСПО» павильонның құрылысына қатысу үшін испаниялық «J&G Consultoria» компаниясы тартылған болатын. 2016 жылдың 21 сәуірінде бұл ғимаратты салуға 4,86 млрд теңге бөлінгені белгілі болды. Одан бөлек, Астанада ЭКСПО көрмесіне салынып жатқан көптеген ғимараттарды «Мабетекст» секілді шетелдік компаниялар салып жатқаны көрме әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған. Қазақстандық компания өкілдерінің айтуынша, халықаралық көрме – отандық тауар өндірушілердің әлеуеті мен қабілетін сынайтын үлкен шара, сондықтан мұндай мүмкіндікті шетелдік компанияларға беру ақылға сыймайды.Аян ҚАЛМҰРАТ, "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024