Астана. 26 қыркүйек. 7kun.kz — "Аstana Taxi" бірыңғай қызметінің колл-орталығы ЭКСПО көрмесі өткен үш айда 80 599 тапсырысқа қызмет көрсетті, деп хабарлады қаланың медиа орталығы.
Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясының атқарушы директоры Сәкен Хандхожиннің сөзінше, Астанада барлығы 14 автопарк тіркелген. Оның сегізі Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясына кіреді.
Айта кетейік, бірыңғай такси қызметі ЭКСПО көрмесіне дайындық барысында құрылған болатын. Такси қызметінің ерекшелігі Bus Lane белгіленген арнайы жолағымен жүре алады. Бұл жолаушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025





