Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елде ресми тіркелген жеңіл автокөлік саны 3 млн 833 мыңнан асты

Елде ресми тіркелген жеңіл автокөлік саны 3 млн 833 мыңнан асты

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 204 238 автокөлік есепке қойылған. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 9%-ға аз, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833,3 мың бірлікті құрады.

Ал 2022 жылғы бірінші тоқсанда 2600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8% азайды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

Похожие материалы