ҚР-да мемлекеттік бағаны реттеу бекітілген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағалары анықталды. Енді дизельді отын литріне 99 теңгеден, АИ - 80 литріне 89 теңгеден сатылуы қажет. Энергетика министрі Владимир Школьник осындай құжатқа қол қойды.
Еске салайық, 4 қыркүйекте Астанада өткен брифинг кезінде үкіметтің елдегі отын тапшылығының алдын-алу үшін жанар-жағармай бағасын реттеуден бас тартатындығы хабарланды. "Түрлі нұсқаларды қарастырып және аталған сұрақты нарық қатысушылармен талқылай отырып, бір шешімге келдік. Әлемдік нарықтарда валюта курсы тұрсақсыз болған кезде, белгіленімдер де үнемі жоғарылап отырады. Біз мұнай өнімдеріне қатысты осындай баға белгіленімін қалыптастыруымыз қажет", - деді ол. Оның атап өтуінше, мемлекеттік бензин бағасын реттеуден бас тартуы отын тапшылығынан құтылуға көмек беруі қажет.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





