Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елдегі дизельді отынның нақты бағасы белгіленді

Елдегі дизельді отынның нақты бағасы белгіленді

ҚР-да мемлекеттік бағаны реттеу бекітілген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағалары анықталды. Енді дизельді отын литріне 99 теңгеден, АИ - 80 литріне 89 теңгеден сатылуы қажет. Энергетика министрі Владимир Школьник осындай құжатқа қол қойды.

Еске салайық, 4 қыркүйекте Астанада өткен брифинг кезінде үкіметтің елдегі отын тапшылығының алдын-алу үшін жанар-жағармай бағасын реттеуден бас тартатындығы хабарланды. "Түрлі нұсқаларды қарастырып және аталған сұрақты нарық қатысушылармен талқылай отырып, бір  шешімге келдік. Әлемдік нарықтарда валюта курсы тұрсақсыз болған кезде, белгіленімдер де үнемі жоғарылап отырады. Біз мұнай өнімдеріне қатысты осындай баға белгіленімін қалыптастыруымыз қажет", - деді ол. Оның атап өтуінше, мемлекеттік бензин бағасын реттеуден бас тартуы отын тапшылығынан құтылуға көмек беруі қажет.

Похожие материалы