Қазақстандық авто өндірісі сарапшыларының пікірінше, бұған үлкен қашықтықтар, инфрақұрылымның жоқтығы және біздің діліміз себеп деп жазады "Литер" газеті.
2014 жылдың 17 қаңтарындағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне ауыстыру, электромобильдерді енгізіп, оларға арнап сәйкес инфрақұрылымды жасау үшін жағдайлар туғызу қажеттігіне назар аударған еді. Содан бері көп жоспарлар жасалынғанмен, көбісі әлі де жүзеге аспады. 2014 жылдың соңына дейін Өскемен авто жинау зауытынан жүріс қоры 200 км заманауи үлгідегі пилоттық электромобильдер шығуы тиіс еді. Сонымен қатар Астанада автокөліктің "электрлендірілуі" басталып, EXPO-2017 аясында "ҚазМұнайГаз" желісінде астаналық электр көлікке қызмет көрсететін сегіз станцияның салынуы жоспарланған еді. Алайда, Қазақстанда электр көлігін іске қосу уәдесі бір жағынан орындалды деуге болады. 2014 жылдың қазанында Алматыда BYD e6 деген зауыттық құрылымдағы бірінші электромобиль пайда болды, бірақ ол Қытайдан әкелінген еді. Бұл бес орындық қытайлық кроссовер толығымен электр қуатынан жұмыс істейді және көбінесе қалада пайдалану үшін тағайындалған. Тұрмыстық электр желісінен автокөлікті алты сағат ішінде зарядтауға болады, өндірушілердің сөзіне сүйенсек, алынған 35 кВт·сағ қуат 300 километр жүруге жетеді екен. Максималды жылдамдығы – 140 километр сағатына. Қазақстандағы BYD e6 бағасы 86 мың доллар. Мұндай бағаны дилерлер кеден алымдарына жұмсалатын шығындармен түсіндіреді. Қытайда оның бағасы еке арзан делінеді. Техниканың бұл түрінің ерекшеліктері: үнемділігі, жарамдылығының ұзақтығы, ең бастысы - қоршаған ортаға зиянсыздығы, яғни СО2 шығарылмайды, жүрістің тыныштығы және күн батареяларын зарядтау мүмкіндігі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024