Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде 24 мың адамның ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды

Елімізде 24 мың адамның ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 6 957 валюталық қарызды қайта қаржыландыру  мақұлданды, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Бағдарлама екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

«Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 163,2 млрд теңге сомаға 26 360 қарызды мақұлдап, 144,2 млрд теңге сомаға 24 659 қарызды қайта қаржыландырды», – деп хабарлады Ұлттық банкте.

Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

«2019 жылғы 10 сәуірдегі банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 56,6 млрд теңге сомаға 6 957 өтінімді мақұлдап, 44,4 млрд теңге сомаға 5 553 қарызды қайта қаржыландырды», – деп қосты Ұлттық банкте.

Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен Банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ғана ұзартылды, қарыз алушының/қоса қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдені қоса алғанға дейін белгіленді. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

Похожие материалы