Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6546,8 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруалышығы министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, елдегі дихандар 5 120,1 мың гектар астық жинаған. Бұл өңірлердегі жалпы астық жиналатын аумақтың 34,1%-ын құрайды. Орташа астық өнімділігі бір гектардан 12,8 центнерді құрады.
2017 жылдың осы мерзімінде 11 354,5 мың гектар немесе облыстардағы жалпы астық алқабының 74,2%-ы бастырылып, 14 326,2 мың тонна астық орылды.
Қазақстанда 2018 жылы 15 005,1 мың гектар алқаптан астық алынуы керек. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 15 300,6 мың гектар болған. Сондай-ақ, биыл егіс науқаны кезінде 15 122,6 мың гектар жерге, ал 2017 жылы 15 377,2 мың гектар алқапқа астық егілген.
Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





