Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде 6,5 млн тонна астық бастырылды

Елімізде 6,5 млн тонна астық бастырылды

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда  6546,8 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруалышығы министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, елдегі дихандар 5 120,1 мың гектар астық жинаған. Бұл  өңірлердегі жалпы астық жиналатын аумақтың 34,1%-ын құрайды. Орташа астық өнімділігі бір гектардан 12,8 центнерді құрады.

2017 жылдың осы мерзімінде 11 354,5 мың гектар немесе облыстардағы жалпы астық алқабының 74,2%-ы бастырылып, 14 326,2 мың тонна астық орылды.

Қазақстанда 2018 жылы 15 005,1 мың гектар алқаптан астық алынуы керек. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 15 300,6 мың гектар болған. Сондай-ақ, биыл егіс науқаны кезінде 15 122,6 мың гектар жерге, ал 2017 жылы 15 377,2 мың гектар алқапқа астық егілген.

Похожие материалы