«60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40%-ы қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60%-ға жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде 2018 жылысазаматтардың өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн-ға артып, 12 млн болды. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 миллионнан астам азаматтың үйретілуі де әсер еткен.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024