Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халыққа қызмет көрсету орталықтары трансформацияланады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары трансформацияланады
Алматы қаласы. 15 қаңтар. 7kun.kz –  Бүгінде республика бойынша халыққа қызмет көрсетуші 326 фронт-офис бар. Азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40%-ы қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60%-ға жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде 2018 жылысазаматтардың өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн-ға артып, 12 млн болды. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 миллионнан астам азаматтың үйретілуі де әсер еткен.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.

Похожие материалы