Астана. 12 шілде. 7kun.kz – Елде бір дәрі-дәрмекке қажеттілік туындаса, үстеме баға 200 процентке дейін өседі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында айтты.
«Бүгінде дәріxаналар препараттарды қандай бағамен сататынын өздері шешеді. Осының салдарынан бір қалада орналасқан дәріxаналардың баға айырмашылығы 20 пайызға дейін жетеді. Ал нақты бір дәрі-дәрмекке қажеттілік туындаса, үстеме баға 200 процентке дейін өседі. Болгарияда тура сондай препараттың бағасы бізге қарағанда 45 пайызға арзан болады. Себебі ол жерде дәрі-дәрмектердің шекті бағасы белгіленген», - деді Елжан Амантайұлы.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта елімізде медициналық препараттардың шекті бағасын енгізу жоспарланған. Ол үшін тиісті заң жобасы да дайын. Қазіргі уақытта бұл мәселе талқыланып жатыр. Сондай-ақ, ол нарықтағы бәсекелестікті арттыру үшін мемлекет ұсынған шекті бағадан бөлек, жеңілдіктер де ұсына алатынын айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024