Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Біртанов: 2018 жылдан бастап дәрілерге шекті баға енгізіледі

Біртанов: 2018 жылдан бастап дәрілерге шекті баға енгізіледі

Астана. 12 шілде. 7kun.kz – Елде бір дәрі-дәрмекке қажеттілік туындаса, үстеме баға 200 процентке дейін өседі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында айтты.

«Бүгінде дәріxаналар препараттарды қандай бағамен сататынын өздері шешеді. Осының салдарынан бір қалада орналасқан дәріxаналардың баға айырмашылығы 20 пайызға дейін жетеді. Ал нақты бір дәрі-дәрмекке қажеттілік туындаса, үстеме баға 200 процентке дейін өседі. Болгарияда тура сондай препараттың бағасы бізге қарағанда 45 пайызға арзан болады. Себебі ол жерде дәрі-дәрмектердің шекті бағасы белгіленген», - деді Елжан Амантайұлы.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта елімізде медициналық препараттардың шекті бағасын енгізу жоспарланған. Ол үшін тиісті заң жобасы да дайын. Қазіргі уақытта бұл мәселе талқыланып жатыр. Сондай-ақ, ол  нарықтағы бәсекелестікті арттыру үшін мемлекет ұсынған шекті бағадан бөлек, жеңілдіктер де ұсына алатынын айтты.

 

Похожие материалы