Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Emirates Airlines әлемдегі ең ұзақ әуе рейсін іске қосады

Emirates Airlines әлемдегі ең ұзақ әуе рейсін іске қосады

Араб әмірліктерінің Emirates Airlines әуекомпаниясы 2016 жылдың ақпанынан бастап Дубай мен Панама арасындағы қонбай ұшып өтетін рейстер бастамақшы. Бұл туралы Рамблер жазады.

Жаңа рейс маршрут ұзындығы және ұшу уақыты бойынша әлемдік рекордтарды жаңартпақ. Дубай мен Панама әуе рейстерінің ұзындығы 13,8 мың шақырымды, ал ұшу уақыты 17 сағат 35 минутты құрайды. Осыған дейінгі рекорд Singapore Airlines компаниясына тиесілі еді. Ньюарк-Сингапур рейсінің ұзындығы - 15 345 мың шақырым. Бұл аралықты 18 сағат 40 минутта ұшып өтуге болады. Әуе рейстері 2013 жылы тоқтатылды.

Похожие материалы