
Астана. 4 мамыр. 7kun.kz - ЭКСПО қарсаңында Астанада ұялы телефондар мен планшеттерді қуаттайтын құрылғылар орнатылды. Олар күн энергиясымен жұмыс істейді. Бұл туралы Сарыарқа ауданы әкімдігі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Әкімдіктің хабарлауынша, "Астана" концерттік залы алаңына ұялы телефондарды қуаттауға арналған автономды бағандар мен орындықтар орнатылды. Бұл бастама Астана тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жасалды. Құрылғы арнайы батареялардың көмегімен күн энергиясын жинақтап электр қуатын өндіріп шығарады.
"Барлық тұрғындарды заманауи технологияның қолайлылығы мен тиімділігін, сондай-ақ визуалды әдемілігін сынап көруге шақырамыз", — деп жазады қалалық билік өкілдері.
Айта кетейік, астаналықтар гаджеттерін тегін қуаттай алады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025