Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық банктің кірісі азайды

Еуразиялық банктің кірісі азайды

Еуразиялық банктің түсімі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 2,64 млрд теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3 есеге азайған деп хабарлайды LS.

Есеп беру кезеңінде банктің салық салынғанға дейінгі кірісі  10,54 млрд теңгеден 3,5 млрд теңгеге дейін азайғаны белгілі болды. Еуразиялық банктің операциялық кірісі 2,7% -ға азайып, 39,1 млрд теңгені құрады.Өз кезегінде, таза комиссиялық кірісі 12%-ға төмендеп, 7,9 млрд теңгеден 6,94 млрд теңгеге түсті. Ал таза пайыздық кірісі 8,4%-ға артып, 31,6 млрд теңге болды. Банктің аквтивтері жыл басында 10,6% болып, 894,6 млрд теңгені құрады. Жеке капиталы 6,2%-ға өсіп,  70,8 млрд теңге болды. Еске салайық, банктің 2014 жылғы түсімі 2013 жылмен салыстырғанда 13%-ға төмендеп кетті.

Похожие материалы