Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық Еуро-5 санатты бензині сатылымға шықты

Қазақстандық Еуро-5 санатты бензині сатылымға шықты

Астана. 12 желтоқсан. 7kun.kz - «Конденсат» АҚ Еуро-5 экологиялық санатты автомобиль отынының коммерциялық өндірісін іске қосты. Алғашқы бензин тасымалдаушы компанияның алғашқы өнімдері Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының жанармай бекеттеріне жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құны 26 млрд теңгеден асатын пайдалануға берілген мұнай өңдеу қуаттары (жылына 200 000 тоннадан астам) Қазақстанның батыс өңірлерінің сапалы жоғары октанды бензинге  сұранысын қамтуға, сондай-ақ мұнай өңдеудің басқа да өнімдерін, атап айтқанда газойл және гудронды экспорттауға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін кәсіпорын вакумдық мұнай айыру секциясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда, бұл ауыр мұнай өнімдерін өңдеуге және ақшыл және ақшылдандырылған мұнай өнімдері өндірісін 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Бәйтерек» Холдингінің еншілес құрылымы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ  (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) қаржыландыратын «Конденсат» АҚ базасындағы жобаның жалпы құны 56,5 млрд теңгені құрайды. ҚДБ қажетті қаржыландырудың 70% астамын ұсынды, қарыз мерзімі – 11 жылға дейін. Жобаны Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) аясында Банк қаржыландырады. «Конденсат» АҚ ай сайын БҚО-да орналасқан жеке жанармай құю бекеттеріне (барлығы - 4) келесі көлемдерде: АИ-92 - 15 000 тонна, АИ-95 – 2 000 тонна жеткізуді жоспарлауда. 2017 жылы кәсіпорында 487 301 тонна мұнай өнімдерін, оның ішінде АИ-92 маркалы бензин – 139 517 тонна, АИ-95 - 26 836, дизель отыны - 23 224 тонна, тікелей айдалатын газойль фракциясы – 157 115, вакуумдық газойль - 68 443 тонна, гудрон - 16 076 тонна, қазандық отын - 14 591 тонна өндіру жоспарланған. Еуро-5 класты жоғарғы октанды бензинін өндірудің жобалық қуаты жылына 200 000 тоннаны құрайды: АИ-92 жылына - 114 000 тонна, АИ-95 - 86 000 тонна. Бұдан өзге, жаңа зауытта мұнай өнімдерінің өзге де түрлері: тікелей айдалатын газойль фракциясы (дизель отынын гидротазалау қондырғысына арналған шикізат) – жылына 198 000 тоннаға дейін, вакуумды газойль (каталитикалық және гидро-крекинг, май өндірісі қондырғыларына арналған шикізат) – 104 000 тоннаға дейін, гудрон (битум өндірісіне арналған шикізат) – жылына 75 000 тоннаға дейін өндірілетін болады.

Похожие материалы