Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропада ең көп сатылатын 10 автокөлік

Еуропада ең көп сатылатын 10 автокөлік

JATO Dynamics зерттеу компаниясының мәліметінше, Еуропада наурыз айындағы ең көп сатылған көлік - Volkswagen Golf. Оның сатылымы 56269 машинаны құрады (+0,1%).

Екінші орында - Ford Fiesta. Аталған модельдің сатылымы 7,3%-ға өсіп,  47686 автокөлікті құрады. Үшінші орынға - Opel/Vauxhall Corsa жайғасты. Оны 40862 еуропалық сатып алушы таңдаған (+20,7%).

Одан кейін - Renault Clio автокөлігі. Бұл автокөліктің сатылымы  - 36217 болды (+11,6%). Бестікті аяқтайтын Volkswagen Polo, мұның тиражы 33421 экземплярды құрады(+9,1%).

Еуропадағы ең көп сатылатын үздік ондықтың қатарында: Ford Focus (32298 дана, +5,2%), Nissan Qashqai (31499 дана., +12,8%), Peugeot 208 (27374 дана, +3,6%), Audi A3 (24909 дана, +14,9%) және Opel/Vauxhall Astra (23546 дана, -2,6%), деп хабарлайды Росбалт.

Похожие материалы