Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz - Expo-2017 көрмесінде отандық компаниялардың күні өтіп жатыр. 25 тамыз күні «ЕуроХим» минералды-химиялық компаниясы өз қызметін таныстырды.
Іс-шара кезінде ЕуроХим тұтынылатын электр қуаты мен су көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін қайталама энергия қорларын өндіруге арналған соны технологияны жұртшылық назарына ұсынып, компанияның 2017 жылдың соңғы 6 айдағы Қазақстандағы қызмет нәтижелерімен таныстырды, сондай-ақ, «Алматы 2005» балалар хоккей командасын марапаттады.
Республикалық бюджетке үлкен салық төлеп отырған ірі инвесторлардың бірі саналатын ЕуроХим компаниялар тобы Қазақстанда минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауытты салуға және Жамбыл облысындағы Қаратау фосфорит алабының кенорындарын игеруге арналған инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Республикалық индустрияндыру картасына енгізілген бұл жоба Қазақстанды қажетті минералды тыңайтқыштар кешенімен қамтамасыз ететін болады.
«Expo-2017» көрмесінде біздің бірегей Химиялық кешеніміздің жобасын таныстырып отырғанымызға біз аса қуаныштымыз. Оны жобалау кезінде «ЕуроХим» компаниясының соны технологиялары қолданылды, осының арқасында фосфат кенін дайын өнім етіп толығымен қайта өңдеп, қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін барлық қалдықтардың көлемін барынша төмендетуге мүмкіндік алып отырмыз. Сумен қамтитын тұйық жүйе судың ағып кетуін алдын алып, тұтынылатын су көлемін азайтса, қайталама энергия қорларын өзімізде өндіру арқасында тұтынылатын электр қуаты төмендеп отыр», - деп атап өтті «ЕуроХим – Қаратау» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі Еркебұлан Мырзағалиев өз сөзінде.
Жобаның 1-кезеңі. Қазіргі таңда жүзеге асырылып біткен жобалар: Жаңатас қаласында тау-кен кешенін, Химиялық кешенге кіретін кен дайындаушы кешеннің өндірістік қуаттылықтарын (орташа бөлшектеу және құрғақ ұнтақтау тораптары) салу, Арал-Төбе кенорнының жалпы өнеркәсіптік алаңын жайластыру.
- Бастапқы бағалау бойынша құйылған инвестициялар көлемі: 120 млн. АҚШ доллары • Жоспарландған өндіріс көлемі: жылына 640 мың тонна фосфорит ұнтағы.
Жобаның 2-кезеңі. Жаңатас қаласында кешенді минералды тыңайтқыштарды шығаратын химиялық кешенді салу (2020 жылға дейін).
- Бастапқы бағалау бойынша құйылатын инвестициялар көлемі: 950 млн. АҚШ доллары • Өндіріс көлемі: жылына 1 млн. тоннадан аз емес минералды тыңайтқыш
- Шығарылады деп жоспарланған өнім түрлері: жемдік қоспа (DCP), минералды тыңайтқыштар (K2SO4, MgSO4), NPK тыңайтқышы, CaCl2 химиялық өнімі және гипс
Үлкен химиялық зауытты салумен қатар, компания ғылыми және өндірістік далалық тәжірибелерді жүргізу, аграршыларға арналған іс-шаралар мен оқу семинарларын өткізу арқылы түрлі ауылшаруашылық дақылдарға арналған жер өңдеу технологияларын, топырақ-климат аймақтарын ескеретін қоректендіру жүйелерін Қазақстанда ендіруді жалғастыруда.
Мәселен, биылғы жылдың басынан бері компания еліміздің аграршыларына арнап «Дала күні» атты 3 іс-шараны, сондай-ақ, республиканың оңтүстік облыстарында 2 оқу семинарын өткізді. Жыл соңына дейін тағы бір үлкен «Дала күнін» және де 5-тен кем емес оқу семинарын өткізу жоспарланып отыр. Қолданылып отырған технологиялар қазірдің өзінде жемісін беруде: 2016 жылы «Байназаров (Жамбыл облысы) шаруа қожалығында қант қызылшасына «ЕуроХимнің» күрделі тыңайтқыштарын қолдану арқасында егін шығымдылығы 2 есеге ұлғайып, бір гектардан жиналатын өнім 40 тоннаға өсті. Дәстүрлі қоректендіру жүйелерімен салыстыратын болсақ, ондағы егін шығымдылығы 35-45 т/га аралығында болатын.
EXPO-дағы ЕуроХим Күні кезінде Еркебұлан Мырзағалиев мырза биыл «EuroChem 2017» халықаралық хоккей сайысында жеңіске жеткен «Алматы 2005» балалар хоккей командасын құттықтап, марапаттады. 2017 жылдың мамырында өткен дода кезінде қазақстандық жас хоккейшілер ресейлік команданы финалда жеңіп тастады. ЕуроХим-Қаратау компаниясы хоккей құрамасының демеушісі және идеялық шабыт берушісі ретінде қолдау көрсетті.
«ЕуроХим-Қаратау» кәсіпорындары Жамбыл облысының Жаңатас қаласында орналасқан. 23 мыңға тарта тұрғын өмір сүріп жатқан бұл 50 жылдық тарихы бар қаланың өмірі фосфорит өндірісімен тығыз байланысқан. «ЕуроХим» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік қызметі аясында қаланың кешенді даму жоспарын дайындап, 2016 жылы оны Жамбыл облысының әкімдігіне тапсырды. Қазақстанда әлі теңдесі жоқ бұл кешенді даму жоспарында қаланың 2050 жылға дейінгі даму мәселелері қамтылған.
Компания туралы анықтама
EuroChem Group AG - негізінен азоттық және фосфорлық тыңайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания болып табылады. Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оның қызмет шеңберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыңайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.
ЕуроХим компаниясы 2008 жылы «Сары-Тас» АҚ мемлекеттік акциялар қоржынын сатып алған уақыттан бері Қазақстанда қызметін жүргізіп келеді. Сол кезеңде зауыттың іссіз тоқтап тұрғанына 15 жыл болған-тын. Компания барлық берешектерді, салықтар мен зейнеткерлік аударымдарды төлеп, жұмысшылар өз еңбекақыларына қол жеткізді. 2009 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында «ЕуроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС жұмысын бастады, ал 2013 жылы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС пайда болды. Толығырақ ақпаратты Топтың сайтынан таба аласыз: www.eurochemgroup.com.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024