Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандық бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды. Ол коммерциялық пара берді деген күдікке ілінді.
Әмірхановтың үстінен соталды тергеу 3 мамырда басталып, 5 мамырда қамауға алынған. 6 мамырда қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылған.«2018 жылдың 3 мамырында ҰҚК тергеу департаменті "Центрказэнергомонтаж" АҚ сатып алу қызметі бойынша (Астанадағы мемлекеттік келісімшарттар аясында мердігерлік жұмыс атқаратын) бұрынғы төрағасы Әмірханов Еркіннің үстінен сот алды тергеу жүргізуді бастады. Ол Қылмыстық кодекстің 253 бабы алтыншы бөлімі бойынша (коммерциялық пара беру) қылмыстық заңбұзушылық жасады деп күдіктелуде», - деп жазады ҰҚК өкіліне сілтеме жасаған nur.kz.
Айта кетейік, Еркін Әмірханов ұзақ жылдар бойы елдегі ең бай адамдардың тізіміне енген. 2016 жылы $163 000 000 қаражатпен 32-ші, 2017 жылы $135 000 000 қаражатпен тізімдегі 40 орыннан көрінген.
Оның бизнесі негізінен энергетика, химиялық өнеркәсіп, қаржы саласына шоғырланған. 49 жастағы бизнесмен «ЦАТЭК» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «ЦАЭК», АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «СевКазЭнерго», «АРЭК» АҚ және тағы да басқа бизнес нысандарға қатысы бар.
Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында оның Орта Азиялық электроэнергетикалық корпорациясындағы барлық лауазымынан кеткені туралы ақпарат тарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024