Америкалық Ford Motor автоконцерні қозғалыс кезінде ашылғанда қауіп төндіретін есіктегі құлыптың ақауына байланысты Ресейдегі 390 мың көлігін кері қайтарды.
2012-2014 жылдары шығарылған Ford Fiesta, Ford Fusion және Lincoln MKZ көліктері кері қайтарылған. Компанияда атап өткендей, әзірге есік құлпымен байланысты оқыс оқиғалар орын алған жоқ. Автодилерлер көліктің құрылғыларын тегін ауыстырып береді. Әзірге нақты қанша көліктердің кері қайтарылғандығы белгісіз.
2014 жылдың қорытындысы бойынша, Ford Ресейде ең көп сатылған машиналардың ондығына кіреді. 2014 жылы 66 мың көлік сатылған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 38 пайыз аз. Өткен жылдың басында Ford көліктеріне деген сұраныс қаңтар-наурыз айларында 3,5 есе немесе 9,7 мың көлікке дейін азайған.
Осыған қарамастан, сәуірде америкалық автоконцерн ресейлік Sollers тобына қосымша қаржылай қолдау көрсететіндігін хабарлады.