Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Formula-1 футболды басып озып, соңғы 15 жылдағы ең табысты спорт түрі атанды

Formula-1 футболды басып озып, соңғы 15 жылдағы ең табысты спорт түрі атанды

Formula-1 класындағы автожарыс бойынша әлем чемпионаты 15 жыл ішінде - 1998 бен 2013 жылдар аралығында ең табысты спорт атанды. Бұны Forbes сарапшылары жүргізген есеп растайды.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті болып Йозеф Блаттер сайланған 1998 жылдан бері төрт жылда бір рет өткізілетін футболдан әлем чемпионатын өткізуден болған түсім жалпы алғанда 14,5 млрд долларды қамтыды. Осы кезең ішіндегі "Формула-1" түсімі 16,2 млрд долларға жетті. Іс жүзінде Formula-1 құқықтарына иелік ететін Delta Topco оффшорлық компаниясының 2013 жылы тапқан пайдасы 1,7 млрд долларға жеткен. Салыстыру үшін айта кетелік, 1999 жылы пайда 341 млн доллар болған. Соңғы төрт жыл ішінде F1-дің жалпы құны 15 есе артқан, ал ФИФА - үш есе. Қызығы, F1-дің жүлде қоры да жоғары қарқынмен өсіп келеді - 2007 және 2013 жылдар аралығында 133,2%-ға, 342 млн доллардан 797,5 млн долларға дейін жоғарылаған. Өсім қарқыны бойынша ол ағылшын футбол Премьер-лигасын (осы кезең ішінде 60,3%) және көптеген елдердің чемпионаттарын айтарлықтай озып келеді. Дегенмен жүлделерінің көлемі бойынша автожарыс футболға есе жіберуде.

Похожие материалы