Франшиза - нарық субьектілері арасындағы коммерциялық келісім түрі. Яғни бір жақ (франчайзер) екінші жаққа белгілі бір ақыға нақты бизнес түрін пайдалану құқығын береді. Сатып алушы жақ өз атынан франчайзердің тауар белгісі немесе брендін пайдалануға құқығы бар. Көбінде тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Қазақстандағы «ZARA», «Rixos», «Coca-Cola», «Baskin Robbins», «Adidas», «Benetton»тәрізді желілер осының дәлелі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024