Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ФРЖ-ның базалық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды

ФРЖ-ның базалық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды

АҚШ-тың Федералды резервті жүйесі (ФРС) базалық мөлшерлемені  жылдық 0,25-0,50% деңгейінде қалдырды. Мұндай шешім 16 наурыз күнгі реттеушінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Бұл туралы Reuters хабарлайды. 

ФРЖ дайындаған жаңа экономикалық болжам бойынша осы жылдың соңына дейін негізгі мөлшерлемені жарты пайыздық пунктке артуы мүмкін.

"Біз өзіміздің есепте көрсеткендей, комитеттің болжамынша ФРЖ-нң пайздық мөлшерлемесі экономикалық жағдайдың өзгеріуне қарай жоғарылап отырады. Әзірге федералдық қаржыландыру мөлшерлемесі біраз уақыт  төменгі деңгейде қалады", - деді ФРЖ басшысы Джанет Йеллен.

Сондай-ақ, ФРЖ 2016 жылға арналған экономика өсімін 2,2%-ға нашарлатты. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың желтоқсанында 2,4% болған. Ал инфляция болжамы 1,2%-ға төмендетіліп, жұмыссыздардың деңгейі 4,7% қалпында сақталды.

Айта кетейік, ФРЖ-ның келесі отырысы 26-27 сәуірде болады.

 

Похожие материалы