"Газпром" "Оңтүстік газ дәлізінің" құрылысына және "Бовавенково-Ухта" газ құбырына бағытталатын қаражатты қысқартпайды деп мәлімдеді компанияның басқарма төрағасының орынбасары Андрей Круглов.
"Газпром" 2015 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасын орындап шықты, мұнда 90 млрд рубль туралы айтып отырмыз. Санкцияларға қарамастан, соңғы 12 ай ішінде "Газпром" нарықта шамамен 2,5 млрд доллар жұмылдырды. Бұл ретте пайыздық мөлшерлемелер компания қарызының орташа құнынан төмен болды. Айта кетейін, "Газпром" қарыздары бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 2011 жылдан бері тұрақты түрде төмендеп келеді. Атап айтқанда, UniCredit-тен алған қарызымыздағы (300 млн доллар - 7kun.kz) мөлшерлеме 4%-дан кем емес", - деп мәлімдеді А. Круглов. Газ құбырын салу жөніндегі жобаларддың негізгі бөлігін "Газпром" өзінің жеке қаражатының есебінен жүзеге асырмақ, алайда халықаралық газ құбырларының теңіз бөлігіндегі телімдерін жобалық қаржыландыру негізінде салуға болатыны айтылды. "Газ құбырларын салу жөніндегі жобалар халықаралық екені даусыз, бұлар үшін арнайы жобалық компаниялар құрылған, олардың оффшорлық бөліктерін біз жобалық қаржыландыру шарттарымен іске асыра аламыз", - деп түсіндірді А.Круглов. "Сила Сибири" магистральдық газ құбыры Якутиядан Қытайға дейін салынады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024