Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

Нұр-Сұлтан. 6 тамыз. 7kun.kz – Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бекет бақылаушысы тергеу-қамауға алынған Ж. Халықұлын таңғы сағат 7-де тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер дерегі анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Қазір Облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізуде.

Айта кетейік, осы жылдың мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстары Ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын әшкерелеген еді. Ол қылмыстық істі тоқтатқаны үшін алдау арқылы ақшалай қаражат пен мүлікті алды деген күдікке ілінді.

Похожие материалы