Американдық General Motors автоөндірушісі Ресейге Opel-дің барлық модельдері мен Chevrolet-тің жаппай шығарылатын үлгілерін жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы автоконцернге жақын дереккөзге сілтеме жасап, "Ведомости" басылымы хабарлайды.
Оның атап өтуінше, Opel мен Chevrolet модельдерінің сатылымы ресми түрде 2016 жылдан бастап тоқтатылады. Ал Cadillac пен Chevrolet-тің премиум модельдерінің сатылымы жалғасады. GM-нің импортты жаппай шығарылатын машиналарының Ресейге жеткізілуін тоқтата тұруына бұл елдегі қордың шамадан тыс көбейіп кетуі себеп болған деп жазады басылым,
2015 жылдың 18 наурызында америкалық General Motors автоөндірушісі ресейлік нарықтан Opel брендінің барлық моделі мен Chevrolet брендінің кейбір үлгілерінің кететіндігін мәлімдеді. Автоконцерннің хабарлауынша, Санкт-Петербургтағы Chevrolet Captiva, Chevrolet Cruze, Opel Antara және Opel Astra шығаратын зауыт 2015 жылдың ортасында жұмысын тоқтатады.
2014 жылы Ресейге 606 625 жеңіл көлік ( 2013 жылмен салыстырғанда 23,4% аз) импортталған. Негізгі үштікті Toyota(17,4%), Nissan (9,9%) және Hyundai (9,7%) құрайды. GM-нің жалпы сатылымы 26,4% төмендеп, 189 484 бірлікті құрады. 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы сатылым 74,6%-ға төмендеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024