Познавательный
General Motors-ты көліктеріндегі ақауды жасырып қалғаны үшін айыптап отыр
АҚШ-тың әділет министрлігі General Motors концернін автомобильдің тұтандыру жүйесіндегі ақауды жасырып қалды деп айыптап отыр. Аталған қателік кем дегенде 104 адамның ажалына себеп болуы мүмкін деп жазады The New York Times. Компанияға үлкен көлемдегі айыппұл салынбақ.
Нью-Йорк прокуратурасы мен ФБР-дың тергеуі бір жылдан астам уақыт жүргізілді. Тергеушілердің пікірінше, 2009 жылы банкроттығын мойындайтын рәсім кезінде General Motors автомобильдерінің тұтандыру жүйесіндегі ақау туралы ешқандай ақпарат бермеген. Қазір 2014 жылы General Motors-тағы қызметінен босатылған бұрынғы қызметкерлері тергеуден өтіп жатыр. Прокуратура кәсіпорын кінәсін мойындау үшін басшылықпен келіссөздер жүргізу үстінде. Компанияның тергеумен серіктесуге дайындығы жаза түрін жұмсартуға ықпал етуі мүмкін. Басылымның жазуынша, General Motors-қа 1,2 млрд доллар көлеміндегі айыппұл салыну қаупі төніп тұр. Тқтынушыларына көліктеріндегі ақау туралы дер кезінде хабарламағаны үшін Toyota концерні де осындай көлемдегі қаржы төлеген еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024