Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Германия үкіметі 100 млрд еуро үнемдеді

Германия үкіметі 100 млрд еуро үнемдеді

ГФР үкіметі 2008 жыл мен 2015 жыл аралығында 100 млрд еуро үнемдеді. Бұл туралы ГФР-дың қаржы министрлігінің есебіне сілтеме жасап Die Welt басылымы хабарлайды.

Аталған құжатқа сәйкес 2008-2014 жылдар аралығында федералды үкімет алғашқы жоспармен салыстырғанда 94 млрд еуро үнемдеген деп жазады Deutsche Welle басылымы.

Германиядағы "Одақ 90/ Жасылдар" партиясының бюджет мәселелері жөніндегі сарапшысы Свен-Кристиан Киндлердің мәлімдеуінше, германдық бюджеттің қазіргі жағдайы жақсы жұмыстың емес жайлы құбылыстардың нәтижесінен болып отыр. "ГФР бюджетінің нығаюындағы негізгі еңбек федералды үкіметке емес, Еуропалық Орталық Банкке (ЕОБ) тиесілі", - деп атап өтті ол.

Свен-Кристиан Киндлердің түсіндіруінше, қаржылық дағдарыстан кейін ЕОБ негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Ал германдық облигациялар нарықта "ең сенімді" деп танылғандықтан үкімет те аз пайыз төлеген. Сарапшының сөзінше, 2015 жылы ГФР үкіметі пайыздардан тағы 2,1 млрд еуро үнемдеу жоспарлап отыр. "Басқа елдермен салыстырғандда ГФР еуроаймақтағы қаржылық дағдарыстан жеңімпаз болып шықты",-дейді ол.

Похожие материалы