Құны 6750 еуро тұратын Lada Granta седаны Германиядағы ең арзан көлік деп танылды, деп хабарлайды AutoBild басылымы.
Осыған дейін бірінші орында тұрған румындық құрастырудағы Dacia Sandero маркасы екінші орынға түсті. Оны 6890 еуроға сатып алуға болады. Үшінші орында - ресейлік "АвтоВаздың" Lada Kalina көлігі, бағасы - 6950 еуро. Басылымның түсіндіруінше, диллерлер Еуроодақ елдерінің Еуро-6 экологиялық стандартына байланысты Еуро-5 стандартындағы ресейлік өндірістің көліктеріне жеңілдік жасап отыр. Еуропалық бизнес ассоциациясының (ЕБА) мәліметінше, Ресейдегі Lada көлігінің сатылымы наурыз айында 26 пайызға төмендеген. Соңғы 3 ай ішінде ваз модельдерінің сатылымы 68,6 мың көлікті құрады. Ал жалпы көлік нарығындағы автомобиль сатылымының құлдырауы 42,5 пайыз немесе 139,9 мың көлікке дейін деп тіркелді. Ішкі сұраныстың азаюына байланысты ресейлік автоөндірушілер экспорт сатылымын ұлғайтуға тырысып жатыр. Қаңтар айында "АвтоВаз" президенті Бу Андерсон 2015 жылы компания Қазақстанға 100 мың автомобиль сату, сондай-ақ, Африка мен Латын Америкасына қосымша бағыттар ашу шаралары арқылы экспортты екі есе ұлғайтпақшы деп мәлімдеген еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024