Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google корпорациясы атауын өзгертеді

Google корпорациясы атауын өзгертеді

Америкалық интернет-алпауыт Google ұйымдық құрылымын ауыстырып, жаңа Alphabet Inc. холдингтік компаниясы құрылады.  Google оның 100 пайыздық "еншілес" ұйымына айналады деп жазады РБК.

"Біз осыған дейін қаншама естен кетпес істерге бардық. Бүгінде компаниямыз жақсы жұмыс істеп тұр, бірақ бұдан да жақсыны қалаймыз",-деп жазды Google-дің негізін қалаушылар Сергей Брин және Ларри Пейдж компания блогына. Осы жаңалықтан кейін Google акциялары 5 пайызға дейін қымбаттады. Л.Пейдж Google-дің атқарушы директоры қызметін тастап, Alphabet-ті басқарады. Ал Alphabet-тің президенті болып С.Брин тағайындалды. Google-дің жаңа басшысы болып, вице-президент Сундар Пичай бекітілді. Осыған дейін ол Chrome браузері және  Android операциялық жүйесі тәрізді өнімдерге жауап берген еді. Жаңа компанияның құрамында Google ең ірі сегмент болып қала береді. Calico (ұзақ өмір сүру облысындағы зерттеулер), Nest (өздері үйренетін термостат), Fiber (интернетке жоғары деңгейдегі қолжетімділік) және Google Ventures, Google Capital тәрізді инвестициялық бөлімдері негізгі бизнеске бағынусыз басқарылады. Қазір Alphabet сайты abc.xyz мекен-жайы арқылы жұмысын бастады.

Похожие материалы