Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Енді Халық банк тұтынушылары төлем карталарын Qazkom банкоматтары арқылы комиссиясыз толтыра алады. Бұл туралы Халық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Halyk Bank және Qazkom жүйелер мен өнімдерді біріктіру үдерісін жалғастырып жатыр.
"1 тамыздан бастап Halyk Bank және Altyn Bank клиенттері үшін Qazkom cash-in функциясы бар банкоматтарынан төлем карталарын теңге және доллар бойынша толықтыру қызметі пайда болды. Halyk Bank және Altyn Bank картасын қолданатындардан төлем карталарын толықтыру сәтінде комиссия алынбайды. Енді Halyk Bank және Altyn Bank клиенттері Halyk+Qazkom банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан өз карталық шотын толықтыруда ешқандай айырмашылық көрмейді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2017 жылдың 1 шілдесінде Halyk Bank cash-in функциясы бар 559 банкомат орнатса, Qazkom қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар 465 құрылғыны орнатты. Бүкіл Қазақстан бойынша Qazkom+Halyk бірыңғай банкоматтар саны 4 мың 659 қамтиды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024