"Қазақстан Халық бан" басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Лондон қор биржасына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, "Қазақстан Халық банкі" ААҚ 2015 жылдың 7 шілдесінде Аслан Талпақовты Басқарма төрағасы орынбасары етіп тағайындап, 2015 жылдың 7 шілдесінен бастап Банк Директорлары кеңесінің қаулысымен Банк Басқармасы мүшесі етті. Талпақов банкте 2011 жылдың шілдесінен бастап корпоративті несиелеу департаментінің директоры қызметін атқарып келеді. Ол бұған дейін "RBS Казахстан" АҚ еншілес банкінде корпоративті бөлімнің менеджері қызметін де атқарған. Оның алдында ABN AMRO Қазақстан Банкінде түрлі қызметте болды. Осыған дейін Халық Банктің сайтында Басқарма төрағасының орынбасары Станислав Кособоковтың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Онымен жасалған келісім-шарт жеке қалауы бойынша тоқтатылды. Дереккөз: Tengrinews.kzПохожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





