Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық банкі әлі "Астана LRT-ні" қаржыландыру туралы шешім қабылдаған жоқ

Халық банкі әлі "Астана LRT-ні" қаржыландыру туралы шешім қабылдаған жоқ

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz - Халық банкі әзірше Нұр-Сұлтандағы LRT-ні қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы қаржы институтында хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, "Астана LRT" облигацияларды сатып алу мүмкіндігі туралы ұсыныс жасады.

"Қазіргі таңда бұл мәселе талқылануда. Мәмілеге қатысу туралы түпкілікті шешімді банктің уәкілетті органдары мәмілеге әлеуетті қатысуды қарастырудың барлық қажетті процедураларын өткізу және болжамды орналастыру параметрлері анықталғаннан кейін қабылдайды", - деді банктің баспасөз қызметі.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Халық Банкі мен "Бәйтерек" LRT құрылысын қаржыландырады деп мәлімдеген еді.

Похожие материалы