Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ доллардың қымбаттауынан болатын қауіп жөнінде ескерту жасады

ХВҚ доллардың қымбаттауынан болатын қауіп жөнінде ескерту жасады

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) World Economic Outlook-тың болжамына сүйене отырып, алдағы уақытта АҚШ долларының қымбаттауы нарықтағы дамушы елдердің қаржылық балансына кері әсерін тигізуі мүмкін дегенді айтады. Бұл туралы «Альпари» сараптама департаментінің директоры Александр Разуваев жазады. 

ХВҚ-ның болжамына сәйкес, доллардың нығаюы - АҚШ экономикасы мен басқа да жаһандық елдердің экономикасы үшін қауіп төндіреді.

"ХВҚ болжамы дұрыс. Алайда бұл Федералды резервті жүйе мөлшерлемені көтеріп, долларды қымбаттатады деген сөз емес. Қазіргі уақытта АҚШ доллары инвестиция салу үшін жалғыз валюта. Әлемнің барлық капиталы АҚШ-қа кетіп жатыр. Бұл еш кедергісіз АҚШ бюджетін қайта қаржыландыруға және акцияның баға белгіленімін ұстап тұруға мүмкіндік береді", - дейді «Альпари» сараптама департаментінің директоры Александр Разуваев.

Оның айтуынша, АҚШ нарығындағы жағдай америкалық тұтынушылардың сенімі мен ішкі сұранысқа байланысты болады.

«Кейбір экономиканың бәсеңдеуі - доллардың жалғыз инновациялық және резервтік валюта болуына байланысты. Сондықтан Американы дамушы елдер нарығындағы жағдай алаңдата қоймайды. Тек ресейлік акциялардың тең болуы, мұнай бағасының төмендеуі және доллардың көтерілуі - жағымсыз фактор», – деді Александр Разуваев.

Фото: news.caravan.kz

Похожие материалы