"Happy Birthday to You" әнінің авторлық құқығы алынып тасталынды
23 қыркүйек, 2015
АҚШ-тың Федералды соты енді атақты «Happy Birthday to You» («Туған күніңмен сенің») әнінің құқығын қорғалмайды деген шешім шығарды. Бұл туралы BBC Russian хабарлады.
Warner/Chappell Music 1998 жылы бұл әннің құқығын басқа бір компаниядан иеленгенін мәлімдеген еді. Алайда Warner-ға тек музыкасы тиесілі деп, әннің сөзіне таласқан басқа компания шықты. Әннің авторлық құқығының өзі Warner/Chappell Music компаниясына жыл сайын 2 млн доллар табыс әкеліп отырды. Айта кетсек, бұл ән 1893 жылы әпкелі-сіңілі Милдред пен Патти Хиллге жазылған болатын. Алғашында бұл ән "Баршаңызға қайырлы таң" деп аталған.