General Motors неміс Opel-інің жоғары кәсіби қызметкерлері үшін жұмыс тапты: енді олар концерннің басқа маркаларындағы автокөліктерін экспорт үшін жинайтын болады.
Алғашқысы - 325 ат күші бар «Холден» Insignia VXR - Рюссельхаймдегі зауыт конвейерінен шықты. Автокөлік Opel Insignia OPC-дің тура көшірмесі болғандықтан, айырмашылық тек рөлдің сол жақтан оң жаққа ауыстырылуы мен жаңа шильдиктердің орнатылуында.
Осылайша австралиялық «Холден» ұнатушылары одан әрі отандық автокөліктерді сатып ала алады, ал неміс жұмысшылары өз жұмыс орындарын сақтап қалды. Өз кезегінде, Австралиядағы таратылған Holden кәсіпорындарының қызметкерлері үшін қысқартылуға байланысты әжептәуір өтемақылар қарастырылған.
«Холдендердің» өндірісі Opel зауытында шығарылатын машиналар көлемінің кем дегенде үштен бірін қамтымақ. Жақын арада Рюссельхаймде Holden Astra GTC және Astra VXR хэтчбектерінің, сонымен қатар Cascada кабриолетінің өндірісі ретке келтірілмек. Бұған қоса, GM Америка нарығы үшін "Бьюиктерді" шығаруды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі: auto.lafa.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024